Текст
27.06.2025
Мектепалды алаңындағы күн – жаңа әсерлерге толы күн болды
Бүгін балалар үшін ерекше күн өтті! Алдымен олар «Сарыарқа» жергілікті телестудиясына барды — тележүргізушілер қалай жұмыс істейді, репортаждар қалай түсіріледі – бәрін өз көздерімен көріп, тіпті өздерін тележүргізуші ретінде сынап көрді. Кейбіреулер тіпті...
26.06.2025
Бүгінгі күн мектеп ауласында өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар ұлттық ою-өрнек салып, шығармашылықтарын көрсетті. Бірі бояп жатса, екіншілері өз ойынан өрнек ойлап тапты.
Сосын асық ойнадық — шеңбер сызып, дәлдік пен ептілікте сайыстық. Бұл ойын балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Таңертең барлығымыз бірге сергектік үшін жаттығу жасадық. Қимылдадық, жүгірдік, созылдық — нағыз көңілді таңғы гимнастика!
Соңында балалар жұмбақтар...
26.06.2025
Біз Пятигорск ауылынан және Асыл Мұра ауылындағы Н. Островский атындағы мектептен келген қонақтарымызды үлкен қуанышпен қарсы алдық. Бұл күн ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеген этно-аул рухында өтті.
Қонақтарымызды қазақтың қонақжай дәстүрімен — ыстық, жаңа піскен бауырсақпен қарсы алдық. Мектеп ауласында қазақ халқының бай мәдениетін көрсететін этно-платформа ұйымдастырылды.
Қонақтарымыз дәстүрлі салт-жоралармен танысты, ұлттық ойындар ойнады, сондай-ақ...
23.06.2025
20 маусым — 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру күні
20 маусым күні мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестаттар табысталды. Бұл күн — әрбір оқушы үшін ерекше әрі толғанысты сәт. Мектеп қабырғасымен, ұстаздармен, сыныптастарымен қоштасып, жаңа өмір жолына қадам басатын маңызды белес.
Осы күні ерекше мақтанышпен атап...
19.06.2025
5 "А" сыныбының еңбек аптасы
Бұл аптада 5 "А" сыныбы белсенді түрде еңбек етті! 💪
Оқушылар:
🔹 Мектеп ауласындағы арамшөптерді тазалап, аумақты тәртіпке келтірді.
🔹 Мектеп бақшасындағы өсімдіктерді суарып, оларға қамқорлық көрсетті.
🔹 Әр күнін еңбектенуге арнады, ұйымшылдық пен...
16.06.2025
Мектебімізде жазғы лагерь жұмыс істейді!
Жазғы демалыстың басталуымен бірге мектебімізде жазғы мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын бастады. Бұл — балалар қуанышқа, ойын мен қызықты іс-шараларға толы күндерді өткізетін орын. Мұнда оқушылар тек демалып қана қоймай, жаңа нәрселерді үйреніп, достасып,...
16.06.2025
9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттарды табыстау
Бүгін Крупская атындағы жалпы білім беретін мектепте 9-сынып түлектеріне негізгі орта білім туралы аттестаттар салтанатты түрде табысталды. Бұл — әр оқушының өміріндегі маңызды әрі жауапты кезең, мектептегі үлкен бір белестің аяқталуы. 2025 жылы мектепті 57 түлек...
10.06.2025
Жазғы алаң қызықты өтуде!
Күн сайын балалар уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуде. Бізде ағылшын тілі үйірмелері белсенді жұмыс істеп жатыр!
Ойындар, әндер, интерактивті тапсырмалар мен сөйлесу арқылы балалар ағылшын тілі әлеміне оңай әрі көңілді бойлайды. Бұл — жаз мезгілінде де...
09.06.2025
Еңбек десанты іске кірісті!
Мектеп бағында үлкен жұмыс атқарылды! Біздің ұйымшыл еңбек десанты жерді қопарып, ретімен жоңышқа және көкөністер егіп, жүйектер жасап, күн сайын суарып, үлкен үлес қосты.
Енді біздің бақша — жай ғана жер телімі емес, балалар еңбекті, жауапкершілікті және табиғатты...
05.06.2025
Бүгін – 9-сынып оқушылары үшін маңызды күн!
9-сынып оқушылары таңдау пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруда. Әр оқушы өз қызығушылығы мен болашақ мамандығына сәйкес пәнді таңдады:
📚 ағылшын тілі
🗺 география
📖 орыс әдебиеті
🧬 биология
⚛️ физика
🧪 химия
Барлық оқушыларға сәттілік, сенімділік пен...